"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.02.2022 ж. «Тәуелсіздіктің дара жолы»

2022 жылғы 10 ақпанда абонемент бөлімінде жылдың басты көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары шақырылды.
Биылғы жылдың тұрақты кітап көрмелерінің басты тақырыптары:
«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің 25 жылдығына арналған, «Ел рәміздері-ел рухы»-ҚР Мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл, «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік –жігіттің қасиеті»- ҚР Қарулы Күштерінің құрылуының 30 жылдығына арналған.
Экскурсия барысында студенттерге жыл сайынғы дәстүрлі «Бір ел - бір кітап»акциясы туралы айтылды. Биылғы жылы жалпы ұлттық оқуға Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары таңдалды.
А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт мақтанышы», «Алаш арыстарының нағыз жоқтаушысы» Қайсар Әлімнің туғанына 75 жыл, «Мүсірепов шығармашылығының даралығы»-жазушы Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына арналған тақырыптар бойынша кітапханашылар аталған көрмелерге шолу жасады.

.