"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
2021 жылғы 29 желтоқсан күні Қостанай қаласының «Жастар сарайы» ғимаратында жыл қорытындысы бойынша «Тобыл-Торғай таланттары» Қостанай облысының

2021 жылғы  29 желтоқсан күні Қостанай қаласының «Жастар сарайы» ғимаратында жыл қорытындысы бойынша «Тобыл-Торғай таланттары» Қостанай облысының үздік жас мәдениет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарының жетекшілерін жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов марапаттады.

Аталған іс-шараға Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасынан библиографы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы қатысып, марапатқа ие болды. Сымбат Мұратқызын құттықтай отырып, алдағы жұмысына шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!