"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері бүгін 2021 жұмыс жылын қорытындылады

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері бүгін 2021 жұмыс жылын қорытындылады. Іс-шара барысында жыл ішінде Алматы қаласындағы Қазақстандық кітапханалық Одақтан берілген марапаттары өз иелеріне табысталды.
Кітапхана саласында елеулі еңбек еткені, кітапхананың өрекендеуіне үлес қосқаны үшін өнер секторының меңгерушісі Әубәкірова Әлия Қарсақбайқызы, абонемент кітапханашысы Воронова Ирина Юрьевна, өнер секторының кітапханашысы Тануева Алмагүл Әдіманқызы, балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Сейтқожина Гүлнар Кенжеғазиновна, оқу залының кітапханашысы Шагирова Әсел Бейбітқызы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгілерімен марапатталды. Абонемент меңгерушісі Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы Арқалық қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!