"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
07.12.2021 ж. «Желтоқсан - ел тарихы, ерлік тарихы» атты сұхбат-кеш өткізілді

07.12.2021 ж.

Биыл, Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Сонымен қатар, Тәуелсіз ел тарихында зор маңызы бар Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осыған орай, оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен, азаттықтың алғашқы қарлығаштары Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында әйгілі Желтоқсан оқиғасының куәгері Аубакирова Алия Қарсақбайқызымен «Желтоқсан - ел тарихы, ерлік тарихы» атты сұхбат-кеш өткізілді. Кешке  Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы мен  студенттер қатысты.