Кітап көрмесінің тұсаукесері «Туған жерге сүйіспеншілікпен..» атты библиотүн акциясының аясында өтті.
Іс-шараға политтехникалық колледж студенттері, агротехникалық колледж және Аркалық педогогикалық институт студенттері және библиотүн қонақтары қатысты.
Кітап көрменің тұсаукесерін қонағымыз, Арқалық дала өлкесі мұражайының қызметкері, айтыскер ақын Батырлан Сағынтаев Сырбай Мәуленовке арнау өлеңімен ашылды.
Ол өз арнауында әдебиетіміздің алып бәйтерегі, соғыстың от жалынынан өткен майдангер ақын туралы айтты
Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Л.Исабекова оқырмандарды ақын өмірбаянымен таныстырып, кітаптарына шолу жасады.
Кітап көрмесінде 40-қа жуық ақын кітабы және ақын туралы жазған пікірлері, газет бетінде жария болған мақалалары, өлеңдері қойылды.
Ерекше оқырмандарға қызықтырған кітаптары:
Мәуленов С.
Шығармалары. 5-том. Әдеби жазбалар, эсселер, портреттер, естеліктер / Мәуленов С.; құраст.: Сақып-Жамал Муәленова.- Алматы: Ан Арыс, 2013.
Мәуленов С.
Таңдамалы: өлеңдер. 1-том / Мәуленов С.- Алматы: Жазушы, 1972.- 344 б.
Мәуленов С.
Таңдамалы: өлеңдер. 2-том / Мәуленов С.- Алматы: Жазушы, 1972.
Тұрғынбекұлы Серік.
Сырлы әлем: [ақын Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы туралы : суреті бар] / Тұрғынбекұлы Серік // Егемен Қазақстан.- 2012. - 22 қараша. - Б. 5.
Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрды:
1 бөлім Сырлы өлеңнің Сұлтаны
2 бөлім Өлең жырдың Алатаудай алыбы
3 бөлім Сырағаң туралы сыр
4 бөлім «Я верный сын Тургая»
Кітап көрмесінде «Руханият» клубының мүшелері ақын өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге әндері орындалып, кеш соңында қорытындылау мақсатында викториналық сұрақ –жауаппен кеш аяқталды.
Катынасқан 52 адам.