"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Батырын ұлықтау – ұрпаққа парыз»

23.11.2021 ж.

 «Батырын ұлықтау – ұрпаққа парыз»

Оқу залы батыр баба ерлігін ұлықтау мақсатында Кейкі Көкембайұлының 150 жылдығына орай «Батырын ұлықтау – ұрпаққа парыз» атты портрет кешін өткізді.  Кешке белгілі өнертанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, оюшы Байділдин Шөптібай Байділдаұлы және батырдың ұрпағы,  ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Мұханбетрақым Спандияров , Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары қатысты. Кеш қонақтары Кейкі батыр туралы  тың естеліктерімен бөлісіп, өлкетанушы  Шөптібай ағай батыр баба туралы зерттеулері жайында айтып берді. АрГПИ жоғары оқу орнынан келген білім алушы Байғазин Руслан «Қасиетті Торғай» атты әнін тарту етті.Кеш соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.