Елбасымыздың 2013 жылдың 22 қарашасындағы № 698 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі деп бекітілді. Осы мерекеге орай қыркүйектің 25 жұлдызына қарасты Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде «Еңбек бақыты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліді.
Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез – құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта – жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа, адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді. Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Сенің атыңды да, атағыңды да шығаратын – Еңбек. Олай болса еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді. Осындай үлкен құрметпен қарайтын
Бүгінгі кешіміздің қонақтары елімізде көп жылдар бері білім саласында ұстаздық қызмет еткен басшы қайраткер қазіргі таңда Арқалық қаласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы: Ғапбасұлы Жәнібек ағай мен қоса аяулы жары ұлағатты ұстаз Қарлығаш Жақыпбекқызы келіп, өздері жайлы сыр шерте отырып,ой бөлісті. Іс – шара кезінде кешіміздің қонақтарына агро колледж студенттері сұрақтар қойып,әсерлі жауаптар алды. Арқалық қаласындағы Торғай аграрлық –техникалық колледжінде Жәнібек ағаймен қызметтес болған ұлағатты ұстаз Бақыт Ибраевна колледж ұжымы атынан алғыс хатын табыстап, Жәнібек ағайдан үйренер, үлгі алар еңбек адамы екенін айта отырып, колледжге үлкен еңбегі сіңген адам екенін айтып жылы лебізін білдірді.
Кешіміздің қортынды сөз кезегін кітапхананың оқу залының меңгерушісі Нұрманова Алма Жақсылыққызына беріліп, кішігірім сый сияпат көрсетілді. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің 4-курс студенті Қасымхан Ажар мен Торғай аграрлық –техникалық колледжінің 4- курс студенті Ғаббас Асылбек әсем әндерін тарту етті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар үлкен әсер алды, іс – шара қызықты да көңілді болды. Кеш соңында Жәнібек ағай кітапхана ұжымына және агро колледж ұстаздары мен студентеріне үлкен алғыстарын білдіріп,мықты денсаулық, ұзақ өмір, ел ішінде қашанда еңселерінің биік, беделдерінің зор, абыройларының асқақ болуына шын жүректен тілектес екенін айтты. Сонымен қатар еңбек адамдарымен естелік суретке түсті.