"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қазақ жырының тұлпары» С.Мәуленовтың туғанына 95 жыл

28.09.2017 ж,

   Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Сырлы да Сырбаз ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұлпары» атты поэзия кеші өтті. Мақсатымыз қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірімен шығармашылығы жайлы баяндау, сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегімен, ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстарымен, табиғат бояуларын өзек еткен жырларымен таныстыру. Ақын жыр маржандары арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриотыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш шымылдырығын ақынның өмір жолы туралы бейне роликпен ашып, әрі қарай Сырбай Мәуленовтің әр жылдарда атқарған қызметі мен жарыққа шыққан жыр жинақтары, алған марапаттары туралы баяндалды. Одан келесі кезекте Сырбай ағаның әр жанрда да тақырыпты беріле игеріп, төгіле жазған, ақ жауындай жыр жаңбырын толассыз төгіп өткен ақын мұрасына, яғни шығармашылығына тоқталып, кейбір соғыс, табиғат тақырыбындағы жырларын оқырмандар  жатқа оқыды. Сонымен қатар ақынның Қасым Аманжоловқа арнаған өлеңін өзі оқыған бейне ролик және Сырбай Мәуленов жайлы ақын-жазушылардың айтқан естеліктері экраннан көрсетілді. Кеш соңында жас ақындарымыздың атап айтсақ, экономика-құқық колледжінің 2-курс студенті Умурзаков Ерлан, АМПИ-нің филология факультетінің 1-курс студенті Рамазан Амантай, АМПИ-нің филология факультетінің 1-курс студенті Жұмабай Нариманың  Сырбай ақынға арнаған өз жүрек жарды арнау өлеңдері оқылды.
Бұл кешке Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика институтының №1 студенттер жатақханасының тәрбиешісі Исмайлова Сымбат Нұрланқызы және бірінші курс студенттері белсенді ат салысты.                                      
«Сырбайдың сырыл әлемі» атты кітап көрмесі құрылып, іс-шараға қатысқан көпшілік  қауымға таныстырылып, насихатталды.