"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қоғамдағы кітап пен оқу мәдениетін қалыптастырудағы балалар кітапханасының рөлі»

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен 28 қараша күні  «2021 жыл – Қазақстан балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Қоғамдағы кітап пен оқу мәдениетін қалыптастырудағы балалар кітапханасының рөлі» атты аймақтық онлайн зерделі кеңес өткізілді.  Бұл кеңеске № 2 ОӘҒК қызметкерлері, Аманкелді, Жангелдин, Арқалық қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Зерделі кеңестің мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау, сапалы білім беру, отансүйгіштік  ұрпақ тәрбиелеу, ойы озық оқырман қалыптастыру.
Зерделі кеңесте кітапхана басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кеңес барысында  № 2 ОӘҒК-нің балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы  Алматыва Сәуле Ахметқызы «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы», Жангелдин ОКЖ-нің  балалар кітапханасының  кітапханашысы Омарова Сәуле Жақсыбайқызы «Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды дамыту басты міндет», № 2 ОӘҒК-нің балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Ермағамбетова Марал Әскербекқызы «Көркем әдебиет арқылы балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»,  № 2 ОӘҒК-нің балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Есмағанбетова Сандуғаш Қазыбекқызы «Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин шығармаларының тәриелік мәні», Аманкелді ОКЖ-нің балалар кітапханасының кітапханашысы Ақдаулетова Шынар «Кітап әлемі: балалаықтан даналыққа» тақырыптарында баяндамалар оқылды, зерделі кеңесте  кітапханашылар өз іс-тәжірибелерімен алмасты.