Арқалық қаласындағы облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасы оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне арнап «Отбасы – ұлағат ұясы» атты тақырыпта пікір- талас шарасын өткізді.
Мақсаты: Отбасы қадірін түсіндіру. Бала тәрбиесінің алтын қазығы , туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың басты ұстазы екенін ашып көрсету.
Оқырмандардың сана сезімін дамыту, ата-ана мен баланың өз ара түсіністіктерін арттыру,
Пікір талас арқылы отбасының қоғамдағы орнын нақтылай көрсету.
Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын қадірлей, қастерлей біліге баулу.
Заманға сай ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, қастерлей, жаңғырта, қолдана білуді басты назарда ұстауға шақыру
Отбасы – ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Осы мақсатты алға қойған осы іс шараға Арқалық қалалық өрт сөндіру мекемесіңің қызметкерлері және Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студент жастары қатынасып өз ойларын төмендегі сұрақтар төңірегінде өрбітті.
1 Отбасы құрудың алғы шарттары қандай немесе оьбасы құратын әрбір жас нени ойлауы керек?
2 Отбасындағы кикілжің, ұрыс керіс, айқай шу қалай пайда болады, оны тудыратын кім деп ойлайсың?
Отбасы берекесі сабырлықта деген қағиданы қалай түсінесің және қалай түсіндіресің
Балаңыздың өзіңізге тартқанын қалайсыз ба, ол жауапкершілікті қалай түсінеміз
Балаңызға ұлттық тәрбиені бере отырып, ата салтты бойына сіңіре отырып, үлкендердің ақыл кеңесін тыңлай отырып тәрбиелеуге сіздің көзқарасыңыз қалай?
Қазіргі таңдағы отбасылардың жиі бұзылуы, бугін үй болып ертең айрылысу жағдайларын қалай түсінесіз? Себебін айта аласыз ба?
Балаларымыздың жалқау, дөрекі, қатыгез болуын қалай түсінеміз және оларды түзеудің жолдары бар ма?
Қыз бала тәрбиесіндегі олқылықтарға, анасы кінәлі деп ойлайсыз ба?
Қазіргі әке ұлына қандай тәрбие бергені шарт немесе дұрыс?
Имандылыққа тәрбиелеудің отбасына берері бар ма?
Шараға қатысушылар ортаға ұсынылған сұрақтар бойынша өз ойларын іркілмей ортаға салып, қызу пікір-талас көрініс алды. Іс шара қорытындысын жасай отырып елімізде Отбасы күнін атап өту әрбір отбасының қоғам алдындағы, ұлт алдындағы, болащақ ұрпақ алдындағы зор жауапкерщілікке жетелейтініні аталып өтілді. Ұрпақ тәрбиелеп отырған әрбір отбасына биылғы Елбасының Рухани жаңғыруға щақыруы отбасы тәрбиесіне де көп ықпалы бар екені атап өтілді. Кеш қонақтары жақсы пікір алысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.