Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі-тіл. Әр халықтың аса бай рухани қазынасы туған ана тілі. Туған тіл домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқан әуезділігі шырқап салар әніндей,. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір –қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Президентіміз Н.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал»деп баса көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасы Ата заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі» деп көрсетілген.
Осыған орай, Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжінің БМ-12 және МД-13 тобының студенттерінің «Тілі мықтының елі де мықты» атты эрудиттер сайысы өтті.
Студенттер мемлекеттік тіл туралы мәлімет алып, тіл туралы патриоттық мазмұны бар бейнематериалдар тамашалады. Сайыс үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Сұрақ-жауап
2 бөлім «Қызықты граматика»
3 бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»
«Сұңқар» және «Тұлпар» командасы болып екіге бөлініп ребус арқылы мақал мәтелдерді тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді.Студенттер шараға белсене қатысып, соңында бейнежазбадан тіл туралы қызықты мәліметтер алды. «Ана тілім-ғасырлардан аманат» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Тұғырлы тіліміздің тұғыры берік, іргесі мықты болсын!
Қатысушылар саны-50