13.10.2021 ж.
"Шектеусіз өмір"
Халық арасында инклюзивті және мүмкіндігі шектеулі жандарды толерантты қарым - қатынасты қалыптастыруға бағытталған хабардарлық күніне кітапханамыздың оқу залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Шектеусіз өмір" атты дөңгелек стол өткізілді. Іс-шараның мақсаты ерекше жандарға құрмет көрсету, қамқорлықпен жақсылық жасап, әр оқырманының орны ерекше екенін сезіндіру. Сонымен қатар, жылы лебіздер мен тілектер айтылып, шағын сыйлықтар таратылды.