"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
29.09.2021 ж. «Кітапхана – ақыл мен білім ордасы»

Хабарлама күні

Ағымдағы айда бөлімде «Кітапхана – ақыл мен білім ордасы» тақырыбында хабарлама  күні өткізілді.

Хабарлама  күнінің бағдарламасы мазмұнды болды.

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттеріне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.Студенттерге кітапхананың тарихы, оның бөлімдері, біздің кітапханамыздың жұмысы туралы айтылды.

Кітапхана фойесінде студенттерге «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына -30 кітап» тақырыбында  жыл сайынғы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы айтылды.

Ақпарат күнінде  студенттер Арқалықтың 65-жылдығына арналған көрмемен танысты, оларға Арқалықтың тарихы және біздің керемет жерімізде өмір сүрген, өмір сүріп жатқан таңғажайып адамдар туралы кітаптар ұсынылды.

«Қазақстан этностарының мәдениеттері» көрмесі бойынша кітаптарға шолу жасалды. Бұл көрменің мақсаты Қазақстанда соңғы 30 жылда тұрып жатқан этностар өкілдерінің жетістіктерін, табыстары мен елдің дамуына қосқан үлесін көрсету.

Қазақстанда 150-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Мемлекет біздің елімізде тұратын әртүрлі халықтарға қатысты бейбіт саясат жүргізеді. Оларға мәдениетін, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін дамыту үшін барлық жағдай жасалды.

ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1-қыркүйегіндегі  жолдауына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрменің тақырыбы – «Ел өркендуінің берік негіздері». Студенттерге мемлекет басшысының биылғы жолдауының негізгі ережелері, халыққа деген үлкен қамқорлықпен, халықтың әлеуметтік қорғалмаған  топтардың жағдайларын жақсарту туралы айтылған. Жолдаудың әлеуметтік блогы туралы айтылды.