Тарихы Қызылқозыдан басталған қаламыздың құрылғанына биыл 65 жыл толып отыр. Қаланың пайда болуына жерімізде боксит пен алюминий тотығының кеніші табылғаны себеп болды. Басында геологтар поселкесі болып, бірте-бірте Арқалыққа қала статусы берілген болатын.
Сүйікті қаламыздың туған күніне орай, назарларыңызға Арқалықтың кешегі мен бүгінгі келбеті бейнеленген «Өркендеген көркем қалам –Арқалық» атты фотокөрмені ұсынамыз.