"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
22.09. 2021 ж. «Ақын жыры - жан сыры»

Ақылбек Шаяхметовтің туғанына 70 жыл толуына орай кітапханада «Ақын жыры – жан сыры» тақырыбында поэзия сағаты өтті. Шараға Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Студенттер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, прозашы, журналист, публицист және драматург Ақылбек Шаяхметовтің өмірбаяны мен және шығармашылығымен танысты. Іс -шарада студенттер ақынның өлеңдерін оқыды, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды, кітаптарға әдеби шолу жасалды.