13.09.2017ж.
Тіл –бірліктің құдыреті
(танымдық кеш)
Жас оқырмандардың ана тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу,өзін құрметтеу, тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз,өміріміз екенін түсіндіру.Заман талабына қарай болашақ ұрпақты өз тілін меңгере отырып, өзге де тілді білуге тәрбиелеу.Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, қызығушылықтарын арттыру арқылы достық, татулыққа, ынтымақтастыққа шақыру мақсатында 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай №2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Тіл –бірліктің құдыреті» атты танымдық кеш өткізілді. Кешімізге Арқалық қаласының Торғай аграрлық техникалық колледжінің 1-курс студенттері мен оқырмандар қатысты. Іс – шарамыз үш бөлімнен құрылды. Бірінші бөлімінде «Үш тұғырлы тіл бағдарламасының» маңызы мен пайдасы , басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстары жайлы сөз қозғалды. Балалар бөлімінің кітапханашысы Альмағанбетова Әйгерім үш тілде тіл жайлы мағлұмат берді. Бекзат Мейрамұлы қытай тілінде құттықтау сөз сөйледі.Екінші бөліміндеТорғай аграрлық техникалық колледжінің Ф – 31 тобынын студенті орыс ұлтының азаматы Шивкин Владислов қазақ тілінде еркін сөйлеп, сұрақтарға мүдірмей жауап берді.Үшінші бөлімінде «Тіл, Отан, бірлік, достық жайлы мақал-мәтелдер және бабаларымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін кім көп біледі атты экраннан сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.Әр бөлім сайын «Тіл – ұлттың басты негізі»,«Тіл туралы қызықты мәліметтер», «Қазақ ойшылдары тіл туралы» бейне фильмдер көрсетілді. Тіл туралы көркемсөз оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Оқу залының меңгерушісі Алма Жақсылыққызы қорытындылап сөз сөйледі. "Тіл тәуілсіздігі – ел болашағы" атты кітап көрмесі оқырман қауымға таныстырып, насихатталды.Жалпы іс – шараға 40 оқырман қатысты.