"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Азат елдің Ар-намысы – Ата Заң (30 тамыз – Конституция күні)

Арқалық қаласының №2 ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінде Конституция күніне арналған  «Азат елдің ар-намысы-Ата заң»  атты виртуальды кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Арқалық қаласының халыққа қызмет көрсету қызметкерлері қатынасты. .  Көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шығарылған « Қазақтың ата заңдары» 10 томдық құжаттар, деректер және зерттеулер, Қ. Омархановтың  «Дәстүрлі құқықтағы билер соты», «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», қолданыстағы Конституция, Елбасының әр жылдардағы және хроникалық қызметтері жайында кітаптары, Қазақ халқына арналған Жолдауы т. б. кітаптар қойылды.  Көрмеге ата заңымызға байланысты 24 кітап ұсынылды.

Көрменің мақсаты: оқырмандарды шыншылдыққа, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Ата заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту.
Іс-шара ҚР ән ұранымен басталып, ата заңымыз туралы мәліметтер берілді,
кітаптар  көрмесін саяхаттап, қорытынды сұрақ-жауап ойынымен аяқталды.
Іс-шара барысында экраннан бейнежазбалар ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция-бұл да рәміздеріміздің бірі, сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген . Сондықтан әрбір адамның заң талабына  бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата заңын, халықты құрметтеуі деп біліуімізге болады. Конституция-елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз Ата заң деп  құрметтейміз.  Әрбір адам өзініңде, өзге елдің де заңына бағынуына міндетті.
Көрмені 32 оқырман тамашалады.