"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
2020 жылы қиын болып, пандемия кітапхана жұмысына кері әсерін тигізді

"Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы кітапхананың қызметімен жақынырақ танысып, әсіресе пандемия кезіндегі карантиндік оқшаулаудың балалар мен жастардағы оқуды азайтуға әсерімен танысу мақсатында  "Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК"КММ-де болды.

2020 жылы қиын болып, пандемия кітапхана жұмысына кері әсерін тигізді.  Себебі, біз есіктерімізді жауып, жұмыс форматын түбегейлі өзгертуге мәжбүр болдық. Кітапхананың өмірі "карантинге дейін" және "карантин кезінде" болып бөлініп, виртуалды кеңістікке ағылды. Сандық көрсеткіштер  төмендегенімен , біз оқырмандар үшін кітапхананың толық ашылуын, әр оқырманмен жеке тілдесуді, қордағы  кітаптарды өз бетінше таңдау мүмкіндігін және компьютер залында жұмыс істеуді, біздің алаңдарда жаңа іс-шараларды күтеміз. Біз оқырмандарды қатты сағындық және ынта-жігерімізді жоғалтпаймыз. Біз өз шығармашылығымызбен қоғамымыздың дамуына ықпал етеміз.