2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау аясында қала көшелерінде Ы Алтынсариннің 180 жылдығына арналған « Қалдырған ізі мәңгілік» атты аулада әдеби сағаты өткізілді.
Іс-шара мақсаты: Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы насихаттау.Қала тұрғындары мұндай іс-шараларды ұнатады, өйткені бұл іс-шарада әр келуші өзінің жанына жақын кітаптармен танысады. Оқырмандар Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» өлеңдері мәнерлеп оқылды. Ақын кітаптарына шолу жасалып, интелектуалды-танымдық ойындар ұйымдастырылды. Бұл нағыз кітап мерекесі және табиғаттағы кітаппен ерекше демалыс күні болды. Қала тұрғындары кітапханашыларға алғыс білдіріп, естелік суретке түсіп, жиі кездесіп тұруды да сұрады .Барлық қатысушыларға және жай өтіп бара жатқан адамдарға кітапхана туралы ақпарат жазылған бетбелгілер таратылды.
Қатысқан адам саны - 48
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1752-aldyr-an-izi-m-gilik.html#sigProIdd050b63856