Журналист, публицист, аудармашы, жерлесіміз Әбішева Дина Ғиссақызы кітапханамыздың оқырмандарына «Қайсар қыз» атты кітабының 5 данасын сыйға тартты.
Әбішева Дина Ғиссакызы 1957 жылы 16 қыркүйекте Торғай облысы (казіргі Қостанай облысы) Аманкелді ауданында педагогтар отбасында дуниеге келген. 1974 жылы Аманкелді орта мектебін бітірген. 1975- 1979 жылдары Әл-Фараби атындаты Каз¥У-дын, журналистика факультетінде окыған.
Еңбек жолын қалалык, облыстык газеттерде тілшіліктен бастаған. Әр жылдарда «Фолиант», «Акарман» баспаларында редактор, «Сарыарка» баспасында бас редактор, «Астана» журналында әдеби қызметкер, «Әлем әдебиеті» журналында проза және публицистика бөлімінің меңгерушісі, «Сто лиц столицы» журналы бас редакторының орынбасары, сондай-ак, «Жазира» журналы бас редакторынын орынбасары, кызметтерін атқарған. Қазақстан Журналистер одағының мушесі. Журналист-жазушы, аудармашы.
«Тағдыр таукыметі», «Өмір шоқтығы» естелік кітаптарынын авторы. Көркем аударма саласында бipaз тер төккен қаламгердің «Севанның асау толқыны» жинағына армян әдебиетінен көркем аудармалары енген.
Биыл баспадан шығып отырған «Қайсар кыз» кітабына әр жылдарда баспасөз беттеріне жарық көрген әңгімелері, көркем аудармалары және повecтері жарияланып отыр.
Журналист-қаламгердің бұл кітабына енген әңгімелеріне қазіргі қоғамның ащы шындығы аркау болған. Маскүнем әке, ішкілікке салынған ұл, жат ағымға ілесіп адасқан кыз тағдыры кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі психологиялык иірімдерімен өріледі. Өмір өзеніндегі кейіпкерлердің басынан өткен окиғаларды жүрегінен өткізіп, шынайы жазады. Сондай-ақ «Кайсар кыз» повесіндегі тағдыр таукыметін тартқан ана бейнесі көркем шығарма желiciнің айшықты тақырыбына айналған. Сонымен катар, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінде Аманкелді Имановтың үзеңгілесі әpi caрғаскері болған атасы Әбіш Ырысбайұлы жайында жазған деректі әңгімесі окырмандарды бей-жай калдырмайды. Ауылдастарының басынан кешкен карекеттері де езу тартқызып, көңіліне жылы шырай калдырады. «Жалғыздық», «Ағатайым менің», «Ақ бантик» әңгімелеріндегі жазушының ой-толғаныстары мен нәзік сыршылдығы әдемі үйлесін тапқан. Автордың ойы ұшқыр, тілі көркем әpi жатык. Талантты қаламгердің шығармаларынан әдемі үйлесім тауып, ой-сезімімізді сілкіндірерлік пайымдары мен нәзік сыршылдығы ерекше толғандырады.
Туған жерден түлеп ұшқан Дина Ғиссақызына шығармашылық табыс, қаламыныз ұшталып, оқырмандарыңыз көбейе берсін демекпіз!
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1733-zhurnalist-zhazushy-dina-issa-yzy-bisheva-kitapkhana-a-kitabyn-syj-a-tartty.html#sigProIdb1e0d5bac1