"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
ХАЛЫҚ ЖАДЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ

№ 2 ОӘҒК Оқу залы бөлімінде еліміздің басынан өткен зұламат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларын мәңгі құрметтеп өту мақсатында 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні арналған  «Халық жадындағы қасірет» атты тарихи мұражай өтілді.

Тарихи мұражайға «Шерлі жылдар шежіресі» аймақтық зерделі кеңеске келген кітапханашылар қатысты. Тарихи мұражай үш қабаттан тұрды. 1 қабат - Қасіретті жылдар. 1-ші қабат бойынша 32-нің зұламаты жайлы айтылып, экраннан «Елім-ай» бейне жазба көрсетілді.2 қабат – Ұлты үшін туған ұлы тұлғалар. Бұл қабатта «халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байланған ұлт жоқшылары мен тұлғалардың өмірі жайлы сөз болып, Алаш арыстары туралы бейне жазба көрсетілді. 3 қабат – Лагерьлердегі  азаптар.

Халық жауының әйелдері мен балаларының лагерьлер мен түрмелерден көрген жантүршігерлік азаптары жайлы айтылып, «Қанмен жазылған хат» бейне жазба көрсетілді. Кітапханамыздың хатшысы Нугманова Гүлнұр  Бахытбек Смағұлұлының "Жаралы жылдар", кітапханамыздың әдіскері Аманжол Қымбат Серік Тұрғынбекұлының "Арыстар азасы",оқу залының кітапханашысы Аубакирова Кенжегүл  Райса Голубева «Құрт асыл тас» өлеңін нақышына келтіріп оқыды.Әбдіхамитов Тоқтардың орындауымен «Жаса, қазақ!»әнімен қорытындыланды. «Халық жадындағы қасірет» атты кітап көрмесі дайындалып, кітаптарға шолу жасалды.