"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ұлы даланың көне сарындары

Онлайн-

Бір кітапқа шолу

 

Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. –Т.2: Аспаптық көне сарындар. Дәстүрлі күй өнері / Жауапты редактор Қазтуғанова А.Ж. – Алматы: «Brand Book», 2020. – 1184 бет.

 

Т. 2: Аспаптық көне сарындар. Дәстүрлі күй өнері. – 2020. 1184 б.

 

 

«Ұлы даланың көне сарындары» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегінде көтерген бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылған.

«Ұлы даланың көне сарындары» - антологиясының 2-томы аспаптық көне сарындарын, дәстүрлі күй өнерін қамтиды. Кітаптың жауапты редакторы-Айнұр Қазтуғанова. 2020 – жылы Алматы: «Brand Book» баспасынан басылып, шыққан.

«Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының екінші томына қазақтың көне аспаптары – шаң қобыз, саз сырнай, сыбызғы, қобыз, шертер, үш ішекті домбыра сарындары және аймақтық күйшілік өнеріндегі домбыраға арналған халық күйлері мен кәсіби күйші-композиторлардың туындылары енгізілген. Ұлттық музыканың таңдаулы үлгілері белгілі өнерпаздардың орындауында нотаға түсіріліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсініктемесімен берілген.