25.05.2021 ж.
" Зұлмат жылдар мәңгі өшпейді" тарихи сағат.
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан сұмдық ашаршылықты еске алу күні. Біз мұны қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу құрметіне ғана емес, сол қорқынышты күндер қайтадан қайталанбауы үшін де жасаймыз. Өткеннің осы оқиғалары туралы шындық – бұл осындай жағдайдың бүгінгі күні және болашақта қайталанбауына берілетін кепілдіктердің бірі.