"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапхана – мәдени мұраның сақталуы мен жаңғыру алаңы»

21.05.21.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай кітапханамыздың оқу залы бөліміде «Кітапхана – мәдени мұраның сақталуы мен жаңғыру алаңы» атты кітапхана ардагерімен кездесу ұйымдастырылды. Тарихымыздың ұзын сонар, сан қилы жолынан өткен мәдени үрдістерімізді шашау шығармай бүгінгі мен келешек мұрасына айналдыруда кітапхана ісінің библиография саласына қызмет атқарған Ермағанбетова Айнагүл Маткенқызы қонақта болды. Іс-шара барысында қонағымызға кітапхана саласында жасаған еңбек жолы туралы сұрақтар қойылып, ардагерімізге арналған өлеңі оқылды. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда сіздің еңбегіңіз үшін мол қуаныш, отбасыңызға амандық тілейміз!