"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«РУХАНИЯТ СЫРЫ МЕН РУХ ЖЫРЫ»

Әдеби кеш, жазушы Немет Келімбетовтың 85 жасқа толуына арналған Мақсаты:    Еліміздің ертеңгі жарқын болашағы жастардың қолында екені белгілі.

Олай болса, сол жастарға үлгі боларлық ісі мен сөзі, кісілігі мен кішілігі, азаматтық ұстанымы мен қайсарлығы жарасқан алдыңғы толқын  ағалар туралы айту, тәрбие беру.
Жазушы өмірінен алынған, соған арнап жазған «Үміт үзгім келмейді», «Күншілдік» кітабы бойынша ерекше әңгімеленіп, ой- толғамдар айтылды.

Кеште тұлғаның өмір жолы, шығармашылығымен таныстыра отырып, жеке шығармаларына ерекше тоқталып өтілді. Себебі жазушы өмір жолы кімге де болса үлгі боларлық тағдыр. Қуаты мен қайраты қайнап тұрған шағында жұлынға жасалған операциядан аяқ- қолы жансызданып, сал болып, төсек тартып қалғанда, ол небәрі 35 жастағы қылшылдаған жігіт екен. Содан 40 жылдай уақыт бойы мүгедектің күйін кешеді.

Алайда адал жары Қуаныштың арқасында өмір сүру үшін күресіп ақыры жеңіп шығады.

Іс- шара бойынша пікір алмасып, ой бөліскен АрМПИ-ның студенті Бекбаева Айгерім. Торғай гуминитарлық колледж студенттері : Тыныштықбай Н, Сұлтанова И, Бауыржан М, т.б өз ойларын ортаға салып адамға керекті ерекше тақырып екенін атап өтті.

Кешке махаббат, адамгершілік, тақырыбында әндер айтылып оқырман қауым ерекше көңіл күйде болды.