"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және қазақ елі мен жерінің тұтастық бастауы

«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және қазақ елі мен жерінің тұтастық бастауы»  атты  қалалық ғылыми-практикалық конференция.

 

Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназисында Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және қазақ елі мен жерінің тұтастық бастауы» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Мақсаты: көрнекті қоғам қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғұлама ғалым әрі шебер аудармашы Әлихан Нұрмахамедұлы Бөкейханның өнегелі мұрасын зерделеу, қызметін жан-жақты терең зерттеп, таныту  арқылы келешек жас ұрпаққа насихаттау.

 

Қаламыздың барлық мектебін қамтыған ауқымды шара Gooqle Meet платформасы арқылы өтті. Конференцияға арнайы  мектеп оқушылары, баяндама әзірлеген меймандар қатысты. Баяндамада  Әлихан Бөкейханның жеке өмірі, ағартушылық қызметі мен ғылыми еңбектері, сондай-ақ  жарияланған мақалалардың ғылыми, қоғамдық құндылықтарын ашатын мәліметтер айтылып, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында  құрылған  «Алаштың ардақты ұлы» атты кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеде Алашорда үкіметі үшін істеген  ерен еңбектері, ардақты азаматтың кітаптары, жинақтары, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары қойылды. Кітап көрмесіне Ә.Бөкейханов шығармаларының 9 томдық толық жинағы, ғалымның таңдамалы еңбектері, Әлихан Бөкейхан  энциклопедиясы, «Қазақ  жерінің  жоқшысы» кітабы  авторы Сұлтанхан Аққұлұлы, Д.Қамзабекұлының  «Алаштың рухани тұғыры» атты кітабы «Алашорда» энциклопедиясы таныстырылды. Өткенді ұлықтап, болашаққа бағдар беретін осындай игі іс-шаралар  әлі талай өз жалғасын таба бермек.