Кітаптың арқасында біз, ең алдымен білімге, идеяларға, рухани және имандылық құндылықтарға, сұлулықты түсінуге және адамның шығармашылық жетістіктеріне қол жеткізе аламыз.
17 сәуір күні № 2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дүние жүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өтетін апталықтың ашылуы салтанаты түрде өтті. Кітапхана жұмысының ең маңыздысы- оқырман оның сұранысы, қызығушылықтары мен талап тілектері. Біздің кітапхананың байлығы – кітап қоры және қымбатты оқырмандары. Бұл шарада 2016 жылдың Үздік оқырмандары марапатталды. Кітап апталығы 17 сәуір мен 21 сәуір аралығында өтеді. № 2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы өз оқырмандарына қызықты бағдарламалар әзірледі.