"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Достығы шалқыған шанырақ астында»

27.04.21

«Достығы шалқыған шанырақ астында»

 

1мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Осы мерекеге байланысты  оқу залы бөлімі ұйымдастыруымен «Сәби Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қазыналы қарттарымызға  «Достығы шалқыған шаңырақ астында» атты этносаяхат өтті.

Ұлттар достығын көрсетуге арналған іс-шарада әр этнос өкілдерінің өнері мен мәдениеті туралы ақпарат алып , әсем әндер шырқалып, интелектуалды ойындар ойналып, ұлттар достығын мақтанышпен көрсете білді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, аталарымыз жастарға өз алғыстарын білдірді.  Жиылған қауым бір шаңырақ астындағы отбасындай естелік суретке түсті. Халқымызға ынтымақ, елімізге –молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!!!