Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры.
Сәуір айының 14-і күні Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/12 мекемесінде №2 ОҒӘК-ның оқу залының кызметкерлері жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында «Отыз жылдыққа,отыз кітап» акциясымен түзету мекемесінде таныстырылым өтті.Кітапханамыздағы «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіндегі материалдар апырылды. Соның ішінде: «Қазақ хандары», «Ұлы дала елі», «Тәуелсіздік шежіресі» , «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Ұлттық қозғалыс сарбазадары», «Торғай көтерілісі», «Азаттықты аңсағандар», «Тәуелсіздік тағылымы», «Желтоқсан құрбандары», «Желтоқсан көтерілісі» , «Азаттық үшін алысқандар» және т.б кітаптарға шолу жасалынды.. Кітапханашы кітаптарды таныстыра отырып, қазақ хандығынан бастап күні бүгінге дейінгі тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін,еліміздің өркендеп дамып кел жатырғанын сөз етті. Кітапханашының әңгімесіне қызыққан жазасын өтеушілерде кері байланыс жасап сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кездесудің өту барысына қызыққан жазасын өтеушілер алдағы уақытта тағы келіп сабақ өткізуін сұрады.Ұсыныстары айтылып ескеруге тырыстық.