"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Өлең-сөздің кеніші»

 «Өлең-сөздің кеніші»

Журналист, аудармашы, ақын жерлесіміз Әбжан Әбілтайдың 70 жас мерейтойына арналған «Өлең-сөздің кеніші» тақырыбында әдеби кеш өтті.  Ақын шығармаларынан мерзімді басылымдарға шыққан мақалаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын өмір жолы, отбасы,  шығармашылығынан фото-слайд жасалып сахнада берілді.

Ақын Әбжан Әбілтайды жақсы білетін жақындары Жәнібек Ғапбасұлы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин, журналист Күлшира Ахметжанқызы, ақын Батырлан Жұмабайұлы кешіміздің құрметті қонақтары болып, ақынның ата-бабалары, туған жері, балалық, жастық шағы, еңбектері, шығармашылығы, және өлеңдері оқылып, әні Кеңес Ғапбасұлының «Сарыторғай» өлеңі «Інжу-Маржан» тобының орындауында айтылды. Ақынға арналған әдеби кеш Әнуар Боранбаев атындағы театрда өткізілді. Кеш қонақтарымен бірге Торғай гуманитарлық колледж студенттері мен ұстаздары, көпшілік оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.