Атты Татьяна Гнедаштың кітап желісімен өткен поэзиялық кеш № 2 Орталық әмбебап ғылыми кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніңе орай өткізілген, Кітап апталығының екінші күні, жерлесіміз Татьяна Гнедаштың «Жүз және бір түн» кітап желісі бойынша поэзиялық кеш өтті.
Мерекелік іс-шараның тақырыбы Татьяна Гнедаштың «Жүректі тербеген өлең жолдары» атты өлең үзіндісі тандап алынды. Татьяна Гнедаш – кәсіби поэзияшы емес. Десек те, ол, жан дүниедегі толқыныс тебіреністерді өлеңге сыйдыра білген, кәсіби поэзияшылардан кем түспейтін ақын. Поэзия дегеніміз – ерекше дүние.Ол бізді өмірге жаңа көзқараспен қарауды, көңілде жүрген бар сезімімізді өлеңмен жеткізе білуге үйретеді.Сондықтан да поэзиясыз өмірді елестету мүмкін емес. Ол біздің өміріміздің бір бөлшегі іспетті.Әрине , поэзия біреуге белгісіз, ал енді біреудің өміріне азғантай дүние болып көрінеді. Дегенмен, ол бәріміздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.
Татьяна Гнедаш өлең жазуды мектеп қабырғасында жүріп бастаған. Жерлес поэтшы Владимир Груниннен поэзияның қыр сырларын үйренген.
Татьяна Ефимованың сыршыл өлеңдерінің бірін, поэзияны сүйіп тыңдаушылардың бірі Гулшат Жакина жан тербетер әсем даусымен орындап шықты. Кешке қонаққа келген көрермендердің ішінде қалалық әкімдіктің соцқорғау бөлімінен әйелдер коллективі белсене қатысып, поэзиядан дәм татып өлең оқыды.
Кеште оқылған өлеңдердің тақырыптары да әр түрлі болды. Бірі мұңға, қуанышқа, потриатизмге, енді бірі романтикаға толы өлеңдер адам жаның мың құбылтты.Тек бір реттен ғана емес, көрермен сұрауымен бірнеше рет оқылған өлеңдер де болды. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» демекші жүрекпен оқылған өлең өз тыңдармандарын тапты деп ойлаймын. Поэзия адамдарды біріктіреді демекші, кеште бар адамның ойы бір жерден шығып, нағыз поэзия кешіне айналды. Кешке келген қонақтар да нағыз поэзияны сүйетін, поэзияға шөлдеп келген жандар екені көрініп тұрды. Және кештен сондай бір әдемі әсерлі көніл күймен, рухани байлыққа сусындап қайтты.