"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«САН ҚЫРЛЫ ТАЛАНТ ИЕСІ»

Нәзипа Құлжанованың туғанына 130 жыл

Кітапханамызда өтіп жатқан кітап апталығы аясында  2017 жылдың 20 сәуір  күні  оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен киелі Торғай тумасы  қазақтан шыққан алғашқы педагог -ағартушы, журналист, аудармашы Назипа Сегизбайқызы  Құлжанованың  туғанына 130 жыл толуына орай «Сан қырлы  талант иесі» атты  арнау кеш болып өтті.
Кештің алға қойған мақсаты - ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұнғыш педагог, әрі – журналист-публицист Нәзипа Құлжанованың өмірі мен қызметі туралы оқырмандарға таныстыру және Назипа  мұраларын ұлықтау.
Көрнекілігі:   Н. Құлжанованың 130 жылдық мерейтойына  арналған «Алғашқы  қарлағаш» атты тақырыпта кітап көрмесі, ол туралы естелік  сөздер, гулдер,  шарлар, слайд, видеофильм.
Назипа Құлжанованың сан қырын саралау  мақсатында кеш 3 бөлім төңірегінде  жүргізілді. 

1. Нәзипа Құлжанова – ұстаз, ағартушы,  қаламгер.

2. Нәзипа Құлжанова – заманында ірі мәдени-қоғамдық істердіңұйымдастырушысы, ұйтқысы болған қайраткер.

3. Нәзипа Құлжанова – қаламы жүйрік журналист, талғамы биік.      
Осындай жоспарды бекке алған кештің шымылдығын  кітапхананың белсенді оқырманы Арқалық экономика және құқық колледжінің 3 курс студенті  Жасұлан  Нұрлыбекұлының   кеш иесіне арнап өзі шығарған арнау өлеңі   ашты.  Жас өреннің талабына көпшілік риза  болды.  Кештің осы алғашқы бөлімінде сөз  алған  ардагер оқырман, Назипа апамыздың жерлесі  80 жастағы Өрекен  Алматов атмыз сөз алды. Қарт оқырманды қалт жібермей тыңдаған  жастар Назипаның өмір жолы мен  халыққы жасаған барлық еңбектерін   тыңдап білді.

Одан  әрі кеш кезегі  ұстаз ағартушы жайлы  арнайы бейне фильмге  берілді.  Бейне-көрініс  арқылы  оқырмандар Серік Негимов,  Қайыржан Мақанов, белгілі торғайлық ақын Серік Тұрғынбеков,  АрМПИ нің  Ыбырай Алтынсарин мұражайының басшысы  Пернегул Әлімқызының  әсерлі   әңгімелерін  тыңдады.

Осы тұста  кеш жүргізушісі  Анар  Ерланқызы кезекті «Торғай қызы» әніне берді.

Ән әсерімен кештің екінші  бөлімі де басталып  кетті.  Жүргізушінің астарлы сөзінен кейін  кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар  Назипа Құлжанова атындағы Торғай гумманитарлық колледжінің  оқытушысы Гүлім Сейілбекқызы бастап келген  студенттерге кезек берілді. 

Назипаша киініп шыққан  1 курс студенті  Н. Құлжанованың нағыз ізбасарлары екенін көрсетіп, қайраткер қазақ қызының  тек  ұстаз ағартушы ғана емес, өз заманындағы барлық қоғамдық мәдени шаралардың  ұйытқысы бола білгенін атап көрсете білді.   Арнайы дайындап әкелген слайд  материалдарын да көрсетті.   Жалынды жастың жасампаз сөзінен кейін  орындалған  « Торғайдың  алыптары» әні  залды бір сергітіп  тастап келесі бөлімге  есік ашты.

Кештің  үшінші бөлімінде сөз тізгінін  Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының  тарих филология факультетінің  мектепке дейінгі  бастауыш оқу әдістеме кафедрасының аға оқытушысы  Қымбат  Шашубайқызы  бастап келген   қонақтар алды. Олар өз кезегінде, Назипа Құлжанованың аса  құнттап қараған  мәселесі  мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу  мәселесі екенін атап өтті. Яғни, ел болам десең бесігіңді түзе дегендей,  ел ертеңін  бала жастан тәрбиелеу керектігіне келіп саяды.  Жалпы айтқанда қазіргі ұрпақтың қамын  осыдан бір ғасыр  бұрын  қайсар қазақ қызы қолға ұстатқандай етіп  айтып кеткендігін  түсінуге  болады

Кеш  соңында кітапханашы  Шагирова Әсел  кеш қонақтарын  арнайы  ұйымдастырылған  «Алғашқы қарлығаш»  атты кітап көрмесімен  таныстырып,  ондағы құнды  мұраларға шолу жасап өтті.
Қорыта айтқанда,  алып ағартушыы,  жазушы, журналист  Назипа Құлжанова  мұрасы мәңгілік.   Қасиетті  Торғай елінің тумасының  елге жасаған еңбегі  әлі де жарқырай түспекші  оның айғағы  бүгінгі  білімді, ізденімпаз ұрпақ.  Білімді  болу үшін кітап оқуымыз керек.