"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Наурыз мерекесі - қасиетті күн

Наурыз мерекесі - қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Осы мерекеге байланысты Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханамыздың оқу залы бөлімі ұйымдастыруымен «Сәби - Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қазыналы қарттарымызға«Наурыз-ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Наурызнама», «Наурыз көже», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Қазақтың киіз үйі», «Бабадан қалған бар байлық», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Быт и культура казахского народа», «Казахские народные обычаи», «Этикет казахов» және тағы да басқа наурыз туралы жазылған көптеген әдебиеттер қойылды.Іс-шара барысында құттықтау-тілектер айтылып, әсем ән шырқалды, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі "тұсау кесер" рәсімі көрсетілді. Сонымен қатар ақсақалды атамыз бата беріп, наурыз көже таратылды.