16.03.21
«Жеті атаны білу парыз»
16 наурыз шежіре күні. Шежіре - халықтың қасиетті тарихы, атадан балаға қалған асыл мұрасы, ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының қайнар көзі. Қазақ халқын өзге ұлттан даралап тұратын дәстүрдің бірегейі – жеті ата ұстанымы мен ұрпақ шежіресі.Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүр.
Арқалық қаласының облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Наурыз мерекесіне арналған «Жеті атаны білу парыз» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан үлгі өнеге, тәлім тәрбие алу.
Ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну.
Өзінің кім екенін, ағайын тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу.
Іс шарамыздың қонағы қаламыздың абыз ақсақалдары өлкетанушы Байділдин Шөптібай атамыз және Раул Қамбарұлы қатысты. Іс - шара соңында салт- дәстүрімізге арналған «Ойлан тап» сайысы ұйымдастырылып, Арқалық политехникалық техникум студенттері ат салысты.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1567-zheti-atany-bilu-paryz.html#sigProIddeb5cd0bf9