"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
АҚИҚАТТЫ АҒЫНАН ТОЛҒАҒАН

 

Арқалық қаласындағы  Облыстық №2 ғылыми әмбебап  кітапханасында 31 қаңтар күні  «Ақиқатты ағынан толғаған» тақырыпта жерлес жазушы Қайсар Әлімнің 70 жас мерейтойына арналған кеш-портрет өтті.

Кеш қонақтары: кітапханамыздың еңбек ардагері  Нұрманова Алма Жақсылыққызы,кітапханамыздың тұрақты оқырманы, құрметті зейнеткер Алматов Өрекен және Н.Құлжанова атындағы МД-12 тобының студентері, ұстаздары қатынасты.

Торғай өңірі талай талантты ақындарды, батырларды өмірге әкелген қасиетті өңір. Осы өңірден түлеп ұшқан бүгінде есімі жалпақ елге мәлім, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының  және  М.Дулатов  атындағы  сыйлықтың  иегері. Сондай-ақ "Ерен еңбегі үшін" медалінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық "Құрмет белгісі" орденінің иегері, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы., «Қызбел» кеңшарындағы Саға ауылының төл перзенті Қайсар Әлім 70 жасқа толып отыр.Сан қырлы шығармашылық иесі Қайсар Әлімнің қаламынан деректі хикаяттар, халық жазушысы  Ә. Нұршайықовпен хаттасуларының нәтижесінде ғибратты тағылымдар,  алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың мүрдесін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жеріне  қайта жерлеу экспедициясының сапарына қатысқан автордың жазбалары, қазақ поэзиясының қос алыбы Сырбай мен Ғафу Торғайға сапарынан жазбалары туған.  Бүгінде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет істейтін Қайсар Әлімнің қаламынан 23 кітап туындап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұдан басқа 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Жерлес қаламгердің рухани дүниелермен таныстыру мақсатында Қайсар Әлімнің  өнегелі өмір белестері мен шығармашылығына арналған  кеші болып өтті. Қайсар Әлімге  жылы лебіздерін білдіріп Өрекен ата кітаптарындағы кейіпкерлері оқырмандарға білген - түйгенін  айтып берді.

Кеш барысында  аталып өткен шығармаларына  жеке тоқталып , кітаптарына шолулар жасалынып отырды. Астана қаласының «Алаш» ғылыми зерттеу рухани-мәдени даму институтының жетекші ғылыми қызметкері Елдос Тоқтарбайдың  Қайсар Әлім туралы лебізін бейнежазбадан тыңдап ерекше әсер алды.

Кітапхананың дарынды оқырмандары Нәзипа Құлжанова атындағы МД-12 колледжінің студенттері: Сальдинова Қайша, Мұратбек Жанайым Қайсар Әлімге арнаған арнауларын оқыса, кітапхана қызметкерлері Аманжолова Қымбат Спабекқызы  пен Ақшалова Ұлтуған Болғанбайқызы  күнделік беттерінен үзінділер оқылды . Кеш соңында кітапхана қызметкері:  Мырзағалиева Нұрсаяның орындауында  «Торғайым» әнін тыңдап, кітап көрмесін тамашалады.

Жерлес жазушы- журналист Қайсар Әлім ағамызды алдағы уақытта да еліміздің игілігі жолында табыстан табысқа жете беріңіз,-деп оқырмандар атынан тілек тілейміз.