"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН»

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының Құрметті азаматы, белгілі сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы , өнерпаз, ұстаз Жұмағали Сүлейменұлы Өмірбековтың 75 жылдығына №2 ОӘҒКітапхана, Өнер секторында «Өмірін өнерімен өрнектеген» тақырыбында шығармашылық кеші өтті.

Кеш қонағы Жұмағали Сүлейменұлы өз өмір жолынан, өнер-мәдениет салаларында еткен еңбектерінен тұшымды, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Өз шығармашылығынан еңбектеріне тоқталып әндерінің, күйлерінің шығу тарихына тоқталып шығармаларының тақырыптарын ашты. Автордың өз орындауында «Мамыражай» күйі орындалып, «Неткен сүйікті ең» (сөзі: Ғ.Қайырбеков), «Сал домбыра» (сөзі: Ж.Сомжүрек), «Қадірлеңдер достарды» (сөзі: Р.Гамзатов, Қ.Мырзалиев), «Ауырма жүрегім ауырма» (сөзі: М.Жүніс) әндері шырқалды. Сазгер Жұмағали Сүлейменұлы өз әндерін орындай келе ән авторлары, әннің сөздері жайлы да мағлұматтар беріп отырды. Сазгердің шығармашылық кешіне келген шәкірттері Айбол Айдарұлының орындауында «Арқалықтың аруы» (сөзі: С.Тұрғынбеков), Елугүл Алшынбайқызының орындауында «Сыр айттым Арқалыққа» (сөзі:  А.Қуанышбек), Нұрсая Әбдікәрімқызының орындауында «Үмітім» (сөзі: Ж.Ахметова) әндері орындалып, сазгерді, қонақтар мен қатысушыларды  ризашылыққа бөледі. Сазгер Жұмағали Сүлейменұлының сыйлас-сырлас дос, жора-жолдастары өз ой-толғауларын, тілектерін айтты. Ардагерлер: Өрекен Алматов, Бақытжамал Қалтаева, Өнер жолында еткен еңбегін бағалаған інілері, ақын Молдатай Жапарұлы, Мұрат Жүнісұлы өз арнау өлеңдерін оқыды. Шығармашылық кеш тақырыбымен фотослайд экраннан жүріп тұрды.  Сазгерге арналған «Өнерімен нұрланған тұлға» тақырыбында  жаднама шығарылып қонақтарға естелікке таратылды,  тақырыпты сөре ұйымдастырылды. 
Ұйымдастырып, жүргізген: Әубәкірова Ә.Қ., Тануева А.Ә. Өнер бөлімшесі.