Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 27 қаңтар күні кітапханашылар, қаламыздың зиялы қауым өкілдерімен , оқырмандармен бірлескен түрде Елбасы Н. Назарбаевтың Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Қазақстан азаматтарына арнайы Үндеуін талқылады.
Конституцияға енгізілуі көзделіп отырған бұл өзгерістер Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы мемлекетіміздің дамуында маңызды бетбұрыс болатыны анық.
Кітапхана директоры Қазына Борибаева Елбасының үндеуін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу біздің басты міндеттеріміз екенін айтып өтті. ҚР мәдениет қайраткері Өмірбек Жұмағали Сүлейменұлы, мәдениет қызметкер Боранбаев Танат, ҚР білім беру ісінің үздігі Қарлығаш Жақыпбекқызы және оқу залының меңгерушісі Нұрманова Алма Жақсылыққызы Еліміз Парламент пен Үкіметтің рөлін арттыру арқылы демократиялық жолға түскенін, мұны қуана құптауымыз керектігін. Біз Президенттің Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыруға және өркендеуі үшін жүзеге асыратын жаңа бастамасын қолдайтындарын сөз алған кезде айтып өтті.Кітапханашы Аманжолова Қымбат Үндеудің негізгі бағыттарына тоқталды.