"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Алғыс айту күні

1.03.21 ж.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке-Алғыс айту күні. Осы айтулы мерекеге орай оқу залы бөлімінде пандемия кезінде айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсете білген, халыққа көмек қолын созған жандарды көпшілікке таныстырып, олардың игі істерін насихаттау мақсатында «Жылы лебіз-жарым ырыс» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас иманы Қосылбаев Д., Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінң әдіскері, колледж жанынан құрылған «Жасампаз-жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Оразова Г. Қ., Арқалық жастар ресурстық орталығының психологы Қожахметов Д. Қ., Жеке кәсіпкер Жүсіпбекова Д. Ғ., Арқалық политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі және «Жүрек жылуы» еріктілері тобының жетекшісі Байжумина А. Х. және қаламыздағы «Жаса» еріктілер ұйымының мүшелері Қуанышов А., Мейтқұл М., Сәтбай А. қатысты. Отырыс барысында 2020 жылы елімізде Ковид-19 індетіне байланысты айрықша ауыр кезеңде халқына  жанашыр  қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол атқарылған игі істер мен қайырымды шаралар туралы әңгіме қозғалып, сол кездегі ерікті жастардың ерең еңбектерін мақтанышпен айтылып, «қамқорлық», «қайрымдылық», «адамгершілік» жайлы да ой-пікірлермен алмасты.