Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандум мақсаты - азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау . Осыған орай, жуырда Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды. Іс-шараға оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Абылайхан атындағы Алтын медальдің және «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин, «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбетов, Арқалық қаласы әкімдігінің Заң бөлімінің басшысы Жасұлан Хусаинов, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Олжас Өтегенов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шараны кітапхана басшысы Қазына Борибаева жүргізіп отырды. «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1525-kitapkhanada-parasat-zholy-ortaly-y-ashyldy.html#sigProId99e511d142