"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітапханаға саяхат

18 ақпан күні Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттерімен кітапхана бойынша экскурсия өткізілді. Студенттер  кітапхананы пайдалану ережесімен, кітапхананың бай тарихымен, барлық бөлімдердің жұмысымен танысты.


Кітапхана фойесінде түрлі-түсті безендірілген баннердің жанында студенттерге жыл сайынғы дәстүрлі «Бір ел-бір кітап» акциясы туралы айтылды. Биылғы жылы бұл акция «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы на – 30 кітап» ұранымен өтуде.


Абонементте студенттер тобы ақын Серік Тұрғынбековтың 75 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақстан: 30 жыл алға ұмтылыс» тақырыбындағы жылдың басты көрмесімен, мерейтойлық көрмелермен танысты. Көрмелер бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.


Кітапхана технологиялары туралы және үлкен кітап теңізінен ақпаратты қалай дұрыс табуға болатындығын түсінгісі келетіндер үшін библиограф Г. К. Сейтқожина электронды және дәстүрлі  каталогтар бойынша кітапхана сабағын өткізді.