"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ғасырдан да ұзақ күн» буктрейлер

Әдебиет әлемінің классигі Шыңғыс Айтматовтың керемет  туындысы, адамзаттың трагедиялы тағдырын толғаған  «Ғасырдан да ұзақ күн» романы бойынша дайындалған буктрейлерді оқырман назарына ұсынамыз.

Бұл көңілдерден орын алған ерекше кітапты оқи отырып, адамзаттың азапқа толы тағдыры мен бастан кешкен қиыншылығын көз алдымызға елестете аламыз.  Кітап көркем әдеби шеберлікпен суреттелген халық тағдыры, зұлмат жуандар тайпасының адам баласын жан төзгісіз азаптап, мәңгүртке айналдырғаны, тірідей ақыл есінен айырғаны жан түршіктірерлік оқиғалар орын алған «Боранды бекет, Сары өзек»  далалары жайлы баяндайды.