"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Сара жолың өмірдің ағымындай

30.10.2020 ж.


Сара жолың өмірдің ағымындай

Мәңгі өлмес жарық жұлдыз, Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ, саяхатшы, Орта Азия, Қазақстан, Батыс Қытай халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші, қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі – Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлына 185 жыл толуына арналған «Сара жолың өмірдің ағымындай» онлайн мұражайға саяхат ұсынамыз. Саяхат - Арқалық қаласында 1956 жылы бастауыш орыс мектебі болып құрылған, 1959 жылы жеті жылдық болып, Шоқан Уәлиханов аты беріліп, 1973 жылы толық қазақ орта білім беретін мектеп-интернаты болған, сол жылы Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылып, 1985 жылы 19 наурызда – Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығы қарсаңында ашылған Шоқан мұражайына саяхат жасалады. Оқырман қауым бірге саяхат жасайық. Саяхат жасаушы - мектеп мұражайының жетекшісі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Д.Қонаев ордені, «Алтын адам» төсбелгісінің иегері- Кенжеғалиева Сәуле Қапсұлтанқызы. Мақсатымыз: туған өлкемізден шыққан, жастайынан ғылым жолында аянбай еңбек еткен, аққан жұлдыздай отыз-ақ жыл өмір сүріп, артына өшпестей із тастаған ұлы ғалымды өскелең ұрпаққа насихаттау. Арқалық қаласында Шоқан Уәлиханов мектебі және мектеп ішінен Шоқан мұражайының қызмет жасайтынын насихаттау. Рахмет.