Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен 19.10.2020 ж. күні «Аймақ кітапханаларының кітап қорларының қалыптастыру және сақталу жағдайы» тақырыбында аймақтық іс-тәжірибе алмасу онлайн зерделі кеңес өткізілді. Бұл кеңеске Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қатысты.
Зерделі кеңестің мақсаты: жалпы кітапхана ісіндегі жасалып жатқан, кітап қорының қалыптастыру және сақталу жағдайы және өңдеу іс-тәжірибелерді ашып көрсету. Осы тәсілдерді жетік меңгере отырып, есепке алу дәрежесі мен сақталуының әдіс-тәсілін үйрету.
Зерделі кеңесте: кітапхана басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кеңес барысында № 2 ОӘҒК-ның әдебиеттерді толықтыру және өңдеу секторының меңгерушісі Торғаева Әсел Тұяққызы «Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу» тақырыбында баяндама жасады.
Кітапханашылар баяндама барысында сұрақ-жауап қою арқылы іс-тәжірибелер алмасты.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1313-ajma-kitapkhanalaryny-kitap-orlaryny-alyptastyru-zh-ne-sa-talu-zha-daj.html#sigProIdb2d6cc2935