16.10.2020 ж.
Ғасырдан озған Жаяу сал
Қазақ даласын, сахараны әнімен күңіренткен атақты әнші-серілердің бірі, бар өмірін халық мүддесін жоқтау жолында сарп еткен белгілі қоғам қайраткері Жаяу Мұса Байжанұлының 185 жылдығына арналған «Ғасырдан озған Жаяу сал» онлайн танымдық әңгімемізде әнші-композитордың әндері мен өмір жолы жайлы айтамыз. Кереку-Павлодар өлкесінің, Баянауыл ауданының Жасыбай көлінің маңында, кедей шаруаның отбасында 1835 жылы дүниеге келіп, туған жерінде 1929 жылы дүниеден озады. Әнші-композитордың «Тұрымтай», «Қаршыға», «Көгершін», «Құлбай», «Шолпан», «Гауһар қыз», «Ләйлім», «Ақ сиса», «Хаулау», «Толғау», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», т.б. әндері халық арасында кең тараған.
Өз халқының өнері мен мәдениетін барынша игерген Мұса Байжанұлы әндерін алғаш қағаз бетіне түсіргендер А.Жұбанов, А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович болса, әндерін айтып дәріптеушілер – Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, Е.Серкебаев, Қ.Байбосыноа, т.б.
Қоғамға өз орнын ойып тұрып қалдырған әнші-композитор жайлы 2009 жылы Алматы, «Арыс» баспасынан шыққан Ә.Нұғыманның «Қазақтың әншілік дәстүрі»; 2009 жылы «Өлке» баспасынан шыққан үш томдық «Әлемдік өнертану», 2017 жылы Алматы, «Айғаным» баспасынан шыққан «Қазақтың сал-серілері», т.б. әдебиеттерді ұсынамыз.
Мақсаты: өнердің құдіретті күші осылай өмір сүретіндігін, уақыт өткен сайын бағаланатынын, ғасырлар өткен сайын өзінің құндылығын жоғалтпай қажеттілігін арттыра беретінін дәріптеу...