ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың өткен ғасыр тоғысында дүниеге келген дарынды ұлдарының бірі – қазақ халқының халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлының 140 жылдығына «Ғасырлық ғұмырдан тағылым» онлайн Арт сағатын ұсынамыз.
Арғы аталары – қаз дауысты Қазыбек ұрпағының жалғасы болып, Мәди Бәпиұлы өнер, мәдениет саласында атағы шыққан Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Естай, Жаяу Мұса, Абай әндерімен сусындап өседі. Ән сүйер халық ортасында «Үш қара», «Шіркін-ай», «Мәди», «Қарқаралы», «Қара кесек» әндерімен танымал Мәди Бәпиұлы жаламен қудаланып, түрме азабын көп көреді.
Мәди Бәпиұылы жайлы өмір жолы, шығармалары әдебиеттерде жарияланған. «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясында әнші Жүсіпбек Елебековтың, Қайрат Байбосыновтың орындауында «Қара кесек», «Қарқаралы», «Шіркін-ай», «Үш қара» әндері берілген.
Әнші-композитор 1880 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, 1921 жылы дүниеден озған. Арт сағатын өткізу мақсатымыз: халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлының шығармашылығы ХІХ ғасырда дүниеге келіп, ХХ ғасыр ұрпағының музыкалы-эстетикалық, көркемдік құдіретін, рухын тәрбиелеуде өз үлесін қосып, ХХІ ғасыр ұрпағының да рухани байлығын тәрбиелеуге қажеттілік болатынына кәміл сенеміз
Рахмет.