"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
"Кішкентай қала-үлкен тарих" бейне саяхат.
06.10.2020 ж.
Туған жеріміздің тарихын білу-келер ұрпақтың, біздердің міндетіміз деп білеміз. Өйткені өткенін білмей, болашақты болжау мүмкін емес. "Туған жер" деген сөзде терең ұғым бар, ол-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Туған жердің барлық табиғи қадыр-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды. Олай болса, бүгінгі тарихы тереңде жатқан астықты өлке, киелі де, байлық тұнған, құтты мекен, туған өлкемізге арналады.