"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Сыйға тартылған кітаптар

Кітапхананың басты байлығы бұл әрине кітаптар. Кітапханамыздың қор көзі сыйға тартылған кітаптар мен толықтырылып отырады. Біздің кітапханамызға, автор әрі ақын Акбар қажы Жолбарыс Баязидтен керемет сыйға тартты. Бұл құнды сыйлықтарды, автордың өтініші бойынша 2020 жылдың 29-шы қыргүйегінде № 2 ОӘҒК оқу залында, Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С.О. Алмат табыстады. Сандуғаш Орекенқызы Жолбарыс Баязида ақынның қолтаңбасы қойылған кітаптардың 8 данасын сыйлады. Сондықтан бұл кітаптардың құны бағалы.


Акбар қажы Жолбарыс Баязид-біздің жерлесіміз, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының, тумасы. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастап, ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық газетінде, радиосында, Жангелдин аудандық газетінде, облыстық мәдениет басқармасында, облыстық телерадио компаниясында жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері 1976 жылдан бері облыстық, республикалық газет-журналдарда үзбей жарияланып келеді. « Бақытымның бұлағы », «Жыр ғұмыр», «Жыр дүние», «Жыр мен сыр», «Махаббат оты сөнбейді», «Ақиқаттың ақ шыңы» атты өлең кітаптары жарық көрген.


Акбар қажы Жолбарыс Баязидтің шығармашылығы өмір, дін және көркем сөзге деген махаббатқа толы. Бұл поэзия, философия мен діннің ерекше тоғысқан бағыты десек те болады. Біздің кітапхана ұжымы Ақбар ақын қажы Жолбарыс Баязидке осындай жомарт сыйы үшін шын жүректен алғыс білдіреді және ақынға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және шабыт тілейді!