23.04.2019 ж. Өлкенің дарабоз дарыны
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Қоғабай Сәрсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай арналған «Өлкенің дарабоз дарыны» атты кеш – портрет өтті.
22.04.2019 «Айтыс жырдың дүлдүлі»
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай Қазақстанның халық ақыны, айтыскер-сазгер, жазушы-сатирик, журналист Қонысбай Әбілге арналған «Айтыс жырдың дүлдүлі» -атты жаднаманың тұсау кесер рәсімі өткізілді.
Қазақ лирикасының тарихы
16.04.2019 ж
Биылғы жылы «Бір ел, бір кітап - 2019» республикалық акция бойынша сырда туған сыршыл ақын Әбділда Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері мен әдебиеттің заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын насихаттау таңдалынып алынған болатын.
Торғайдан палуаны
11.04.2019.
Киелі Торғай топырағы – табиғи таланттарға бай өлке. Осы жерден, атақты ұлт жанашырлары, ұстаздар, музыканттар мен әншілер, ақын , жазушылар шыққан. Торғай жері аты аңызға айналған балуандарға, спортшыларға да толы болды. Солардың бірі – атақты балуан Таңатқан Дүйсекейұлы.
«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.