27.02.2020 ж.
«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында 27 ақпан күні № 2 ОҒӘК-ның оқу залының кызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, дінбасы, қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлына арналған «Файзолла ақын тағылымы» атты әдеби бұрышының ашылу рәсімі өтті.
Мақсаты: Файзолла Сатыбалдыұлының өмірі мен қайраткерлігін, ақындығын, ғибратты ғұмырын оқырмандарға таныстыру.
Рәсімге Файзоллатанушылар, ақынның өзін, көзін көрген ел ағалары және ұрпақтары Рамазан Зияуйтенов және Сатыбалдин Асхат- немерелері, шөбересі Толқын Сатыбалдина, Қоғам қайраткер, сазгер,Арқалық қаласының құрметті азаматы - Кәки Ақан Шәріпұлы, Арқалық қалалық «Мухтасиф Алмұхаммед молла» мешітінің имамы-Дархан Исламбекұлы, Еркін Қожахмет ата, Хамитбек Кәмәлиұлы және болыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Мұрат Жүнісұлы, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражай қызметкері Сағынтаев Батырлан және Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 8 сынып оқушысы Абдіғапарова Дарина /ғылыми жоба қорғаушы/ жетекшісі Молдахметова Роза Карбозовна қатысты.
Рәсімді ашу салтанаты - Кәки Ақан Шәріпұлы және Файзолла Сатыбалдыұлының шөбересі Толқын әдеби бұрышының кермек жібін кесті. Қонақтар ақын Файзолла Сатыбалдыұлының өміріне қатысты деректер мен тағылымды шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның өлеңдердері оқылды. Сонымен бірге Кәки ата, Файзолла Сатыбалдыұлы туралы естіп, білгендерің, көргендерің айтып «Тоқымбет» жырының мақамына келтіріп үзінді орындап берді. Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының түлегі балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты-Елдос Тоқтарбай. Файзолла атамыз туралы өз пікірі бейнежазба арқылы тыңдалды. Файзолла атамыздың шығармаларын зерттеп жүрген жас айтыскер ақынымыз Дала өлке мұражай қызметкері Батырлан сөз кезегінде Мағжан Жұмабаевпен айдауда бірге болған торғайлық Файзолла ақынның өлеңдері табылғаны туралы айтып өтті. Кеш соңын жас оқырманымыз Ерасыл Файзолла атасына арналған арнауын оқыды. Алаш тілекті, абзал жүректі Файзолла атамыздың шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихының жарқын беттерінің біріне айналарына сеніміз біздің де мол. Кеш соңы рәсімге қатысқан оқырман қауымның естелік суретке түсуімен аяқталды. Қатысқан адамдардың саңы 56.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/671-fajzolla-a-yn-ta-ylymy.html#sigProIde7d3a3b70a