Біздің кітап апталығын өткізудегі басты мақсатымыз кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін жас оқырмандарға ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалар кітап апталығынан кейін оқырмандардың саны көбейе түсті.
61 оқушы оқырман болып жазылды. Себебі жаңадан келіп түскен кітаптарға және баспасөз басылымдарына да шолу жасалды. Жаңа кейіпкерлермен танысып, қуанышқа бөленді.
Балалар кітап апталығына белсене қатысқан оқырмандар марапатталып, сыйлықтарға кенелді. Балалар кітап апталығының жабылу салтанатында мектеп кітапханасының кітапханашылары балаларды кітап мерекесімен құттықтап, кітап оқуға шақырды. Осы күні қортынды есеп жасалынып осы апталыққа қатысқан барлық оқырмандар сыйлықтар мен марапаттауларға ие болып қуанышқа бөленді.
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/687-13-03-2020-balalar-kitap-aptaly-yny-zhabyluy.html#sigProId84fc679452